Кішкентай сәби ұл балаға туған күн құттықтау-тілек!

Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері!
Осы ақ дастархан басына адал ниетпен жиналып отырған қонақжай халқым, бүгінгі тойдың қандай той екені баршаңызға мәлім. Сондықтан мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!
Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,
Әміренің әнін бергей.
Сәкеннің сәнін бергей,
Жүсіптің дидарын бергей,
Мұхамбеттің иманын бергей.
Ләйім Қыдырдың назарында,
Бақыттың базарында жүрсін!
Қасқырдың қайратын,
арыстанның айбатын,
жылқының сақтығын,
бүркіттің қырағылығын тілеймін.