Құттықтау

40 жас дос, ағаны туған күнмен құттықтау — тілек!

Туған күн
Беу, досым, құтты болсын қырығыңыз,
Қырықтың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.

Елу мен алпыста да нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта
Немере-шөберелі шал болғайсың.

Exit mobile version