Ағаны 50 жас туған күнімен құттықтау — тілек!

Ал, Аға, құтты болсын 50 жасың,
Әр уақытта домалап өрге тасың.
Ұшырған бәрімізді осы ұядан,
Әрдайым аман болсын алтын басың.

Шаңыраққа ие, біздерге аға болар,
Ағасы бардың дейді жағасы бар.
Өткізіп өміріңді қызықпенен.
Келешек қосағыңмен қоса ағар.

Айтарымыз ақ шашты анамызға
Мерей той куәгері балаңыз да.
Осындай қызықтарға куә болып
Жүре бер әрдайым ортамызда.