Алпыс жас туған күн құтты болсын!

Ел үшін аянбай қызмет ету басты парыз деп санайтын, ұлт мүддесін ойлаған абзал да ардақты азамат, киелі де қастерлі мекен – Махамбеттей өр ақынның, елді жаудан қорғаған батырдың туған өлкесінің перзенті ………, жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді ордалы отағасының жасы деп аталатын Асқаралы Алатау – 60 жастың белесіне алып жетіпті.

Сіз, …. жылы ………………… институтын тәмамдаған соң өз еңбек жолыңызды ………. қаласында алғашқыда қатардағы маманнан бастап, кейін …………………… қызметтерін атқардыңыз.

Жоғары кәсіби дәрежеңізді, жұмыстағы жауапкершілігіңізді және басшылық қызметтегі қағидашылдығыңызды, саясаттағы төзімділігіңізді ескере отырып, Сізге ………. жылы …………………..қызметі ұсынылды. Табысты еңбектеріңіздің нәтижесінде Сіз …………… жылдан бастап …………………………………..қызметіне тағайындалдыңыз.

Көп жылғы сіңірген еңбегіңіздің нәтижесі ретінде, Сіз Қазақстан Республикасының …………………..атағын иеленіп, …………………..мерекелік медалімен марапатталдыңыз.

Қадірменді …………………….., Адам өмірінің ең бір асыл кезі, асқар белі – 60 жасқа келіп отырсыз. Бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз. Қазақтың Шерханы, Шерағасы алпыс жасты талтүс дейді. Олай болса, Алпыстың асуынан асып, жетпіске аяқ басқан шағыңызда да көзіңізден от кетпесін, жүрегіңізден жылу кетпесін дей отырып, Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табады деп сенім білдіреміз.
Сізге және …………………… шаңырақтарыңызға шаттық, баянды бақыт, зор денсаулық тілей отырып, өмірдің барлық қуанышын қызықтап, Алланың берген жасын жасап, кісілік келбеттеріңізден танбай, несібе-дәулеттеріңіздің арта беруіне ақ тілегімізді білдіреміз!

Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,
Көркемдігі тең келген суретпенен.
Туған-туыс, дос-жаран, әріптестер,
Ардақтайды өзіңді құрметпенен.

Еңбек жолың татиды сан аңызға,
Саған қарап күлімдеп қаламыз да.
Отбасында бақытты ғұмыр кешіп,
Аман-есен жүре бер арамызда.

Зейнеткерлік жасқа кеп шаттанасың,
Әлі талай шыңдардан бақ табасың.
Шын жүректен бәріміз құттықтаймыз,
Көш керуенің ешқашан тоқтамасын!