Алпыс жасқа толған туған күн құтты болсын!

Сізді 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз.

Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз.

Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі. Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай тәнті істерді атқарарыңызға кәміл сенімдімін.

Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін!

Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!

Бақытыңыз баянды, сау-саламат жүргейсіз!
Өтесің, алдамшы өмір, оны білем…
Тосқанмын келетінін күздің күрең.
Көңіл шіркін, орнында баяғыдай,
Ақ кірсе де самайға, мығым жүрем.

Ауырлық бар, денем де жылдам емес,
Ақылшылар көбейді айтар кеңес.
Табиғат өзінікін алады екен,
Жүгіріп шыға алмайсың, тұрса дөңес.

Патша көңіл, сен неге алаңдайсың,
Жүрегім қуан әр кез, қайғы азайсын.
Жайдары көктем, жазым өтсе-дағы,
Алаңдап, биіктерге қарайлайсың.

Төрт мезгіл болады екен бұл өмірің,
Сонда да өзгермейді жас көңілің.
Еңбек етіп жүресің дүние жиып,
Төрт құбылаң толса да бар өңірің.

Алпысты тал түсім деп аялайсың,
Жан-жаққа бұрынғыдай қарамайсың.
Тілеймін амандығын қосағымның
Мәпелеп ерткелеткен баладайсың

Аптығып немерелер шығады алдан,
Жетейік биіктерге ойға алған.
Қос ақққудай 40 жыл бір келеміз,
Асқар шыңға бастасын алдағы арман.