Құттықтау

Әпке, тәте туған күн құттықтау — тілек!

Туған күн

Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!
Сіз осынау саналы ғұмырыңызда жездемізге адал жар, ұл-қыздарыңызға аяулы ана, немерелеріңізге сүйікті әже бола білдіңіз.
Ата – бабамыздан қалған қара шаңыраққа Қаратаудай қорғансыз.
Інілеріңіз бен сіңлілеріңізге Алатаудай қамқорсыз.
Қадірлі әпке! Алдыңыздағы алпыстың асуындай шаршап — шалдықпаңыз!
Жетпісті желіп, сексенді секіріп, тоқсанға тоқтамай, жүзге жетіңіз!
Ағайын-туыстарыңыз бен бауырларыңыздың құрметіне бөленіп, отбасыңыздың ортасында толған айдай жарқырап отыра беріңіз!
Сол үшін де Сізге Аллаһ тағаламыз зор денсаулық бергей!

60 жасқақа карай аяндап
Асықпай кетіп барамын.
Алдымнан туған әр күнді,
Алтынға мен баладым.
Адасқанга ас тосып,
Асқанга тостым Алланы.
Шөлдегенге су беріп,
Сыйладым үлкен баланы.
Алыста жүріп, ауылдың
Дәм — тұзын биік ұстадым.
Салтымды, әдет- ғұрпымды
Ұрпақ үшін жинадым.

Exit mobile version