Құттықтау

Мұғалім, ұстазды туған күнімен құттықтау — тілек!

Туған күн

Барша шәкірттеріңіздің атынан Сізді 63 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің еңбек жолыңыз сан қырлы. Еңбекке ерте араласып, ұлағатты өмір мектебінен өттіңіз. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығыңызды шығармашылық жұмыспен ұштастыра білдіңіз. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілеймін!

Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,
Оңашада ойға баттың, ой өріп.
Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ,
Еңбегіңіз жүрді кілең өтеліп.

Жүректерге білім нәрін мың құйып,
Жанарында тұратындай күн күліп!
Болашаққа бағыт-бағдар сілтейсің,
Адалдықты әр ісіңнен білдіріп.

Сапар ағай, шәкіртіңнің бірі едім,
Көз алдымда баяғыдай реңің.
Пайғамбардың жасындасыз, жүз жаса,
Ақша қардай шәкірттік ақ тілегім.

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуларыңызды тілеймін.

Exit mobile version