70 жасқа толған мерейтойыңыз қайырлы-құтты болсын. Сіз елу жылға жуық отасқан жұбайыңыз Клара Уәхитқызымен өнегелі өмір сүріп, бақыттың бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере, жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалыптарыңызды сақтап келесіз. Еңбекте де қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз. Жүрегіңізге Алланың нұры құйылып, зор денсаулықпен жасай беріңіз.
Сыр шертіп Көктем жайлы, қыс жайлы
Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды.
Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,
Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды.
Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,
Тұрған шағы саралап
өткен жолын қайта кеп.
Жиырма бес пен қырықтың арасында жоғалған,
Қайран жігіт күндері жіберетін жайпап от!
Аға жайлы тарихты ары тағы жалғасақ,
Ұл мен қызы кетті алыс әрбірі әсем арна сап.
Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар
Қаратауды қақ жарар ұрпақтары – мол жасақ!
Шақырғаны осында – ауыл-елі-аймағы,
Қазақтардың бетке ұстар бағланы мен қаймағы.
Желкесіне жетпістің жеткерді Алла, шүкір деп
Құтты болсын,еліне ақ дастархан жайғаны!