Құтты болсың 70 жасыңыз,
Сексеннің де сенгірігінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!
Балалардың арасында жүріңіз,
Шаттық нардаң айық басын жүзіңіз!
Тілек еттік шың жүректен бәріміз
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!
Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсің,
Ата-баба аруағы қолдай жүрсің.
Құдағи мен құдағи тату болып,
Бір біріне сәлемін жолдай берсің!
Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз.
“Қарттары бар ел – қазынасы бар ел” – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.
Құрметті …………. аға! Біз сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерейтой күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.