Құттықтау

Үйлену тойға арналған құттықтау тілектер

Үйлену той құтты болсын

Фото: OpenAsia

Кеш жарық, тойға жиналған қауым. Құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Жастардың үйлену той құтты болсын!

Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да тәтті өмір сүріңдер!

Құрметті отау иелері, сендерді бүгінгі шаңырақ көтеріп отырған мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Осы ауылдың «ат байлар» беделді, сыйлы, улгілі отбасы болуларыңды шын жүректен тілеймін! Махаббаттарың баянды, өмірлерің бақытқа толы болсын!

Бақыт адамнын басына бірден қонбайды. Бақыт ең бірінші адамның аяғына қонады. Оны көтерген адам котереді. Көтермеген адам талтаңдап жүре алмай қалады. Одан кейінгі бақыт адамның аузына қонады. Оны көтерген адам көтереді көтермеген адамның аузынан ақ ит кіріп көк ит шығады дейді. Одан кейінгі бақыт адамның көз жанарына қонады дейді. Оны көтермеген адамның козін шел басып қасындағы жақындарын кормей калады дейді. Ал одан кейінгі бақыт адамның басына қонады дейді. Бұдан менің айтқым келіп тұрғаны – сендердің бастарыңа да тек бақ қонсын!

Екі бұлақ бір арнаға тоғысты. Екі жүрек ұғынысты, табысты. Тілейікші аппақ арман-ағысты. Тұлпарға тән озып шығар шабысты. Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп. Кел, достарым, жақсы тілек етелік! Үйленгендер – алтын сарай салғандар. Балалығы естелікке қалғандар! Қалады енді балалық шақ ертек боп. Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп! Екі жұбай – қатар тұрған періште. Бірге ұшсын бақ-болашақ – өрісте!

Армысын айналайын күйеу бала. Қызымызға ертенгі сүйеу жарыңның жұлдызы, бол құндызы бол. Біз үшін Саядай дос біреу ғана. Ал …….. қолына қондырған ақ құсын құтты болсын. Біздің …….ды ешқашан ренжітпей аялап отет деп сенемін. Құрып жатқан шанырақтарыңыз ешқашан шайқалмай, іші сәбидін былдыры мен ойыншықтың сылдырына толы болғай. Тек қана Аллахтың ажарында, бақыттың базарында болыңыздар

Құрметті жас-жұбайлар сіздерді заңды некелеріңізбен шын жүретен құттықтаймыз. Жаңа өмірге аяк бастыңыздар, басқан қадамдарыңызға гүл бітсің. Көтерген шаңырақтарыңыз биік, керегелері кең болсын. Іші толы сәбидің үні болсын деп тілей отырып махаббаттарың мәнді де сәнді болсын дегім келеді. Көлде жүзген қос аққудай махаббаттарың берік болсын…аспанда канша жұлдыз болса сонша бақыт тілеймін!

Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл келін!

Қос аққудай қос ғашыққа төрдегі бар бақытты мен тілеймін жердегі! Жалын атып жүректері сөнбесін, Ібілістің арбауына көнбесін! Бір-біріне серік болсын жалғанда, тау шыңындай биік болсын талғам да! Сүйіп өтсін бірін-бірі мәңгілік, ғұмыр кешсін өмірлерін ән қылып!!! Алтыннан ардақты, күмістен салмақты құдалар! Төрге шығыңыз, сырласып жанымыз қосылсын! Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын! Төреленіп төрге шыққандарыңыз құтты бола берсін! Әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын!

Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын. Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын! Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», — деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар! Өмір сүрудің екі негізі бар екен: Біріншісі – үйретуден аянбау; Екіншісі – үйренуден жалықпау. Міне, осы қағиданы басшылыққа алыңыздар.

Аяқ екеу, қол да екеу, Көз дегенің – ол да екеу. Екеу және құлақ та, Жүрек жалғыз бірақ та. Сондықтан да сол жүрек Күйіп, жанып, өртеніп Естісін деп лебізін Іздейді екен серігін — дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!

Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!

Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын.

Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын!
Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», — деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар!

Өмір сүрудің екі негізі бар екен:
Біріншісі – үйретуден аянбау;
Екіншісі – үйренуден жалықпау.
Міне, осы қағиданы басшылыққа алсаңдар, иншалла, бақытты боласыңдар деп ойлаймын.

Той ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Тойларың құтты болсын!

Таудан құлаған егіз арна қосылды – аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты – аяғы сегіз болғай!
Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – Біздікі!
Барша гүлдің сыйлайтын ляззаты бір – сұлулық. Ұл-қыз – перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!

Көзіміздің ағы мен қарасы – қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз: түйісу болсын, соңынан сүйісу болсын! Құшақ жайып, төс қағысайық, қымбатты құдалар!

Бір пәлсапа: «Іздеушілер көп болғанымен, тапқандар – табылмайды», — деген екен. Бүгінгі төрде отырған қос ғашық бір-бірін тапқан бақытты жандар екенінде күмәніміз жоқ. Олай болса, отауларың мәңгі нұрға бөленіп, сол нұрдың жарығы өмірлеріңе жол көрсетіп жүрсін! Шуақ шашқан шаңырақтарың биіктей берсін, үбірлі-шүбірлі болыңдар!Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл келін!

«Үйлену оңай, үй болу ќиын» деген бар,
Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.
Ќос өзен сынды ќос тағдыр бүгін ќосылса,
Жарасым тауып жасалсын ізгі ќадамдар.

Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,
Шамшыраќ сынды жетелей берсін тәтті үміт.
Беу, ќараќтарым, алтын тойды да тойлаңдар,
Отауларыңнан ќуаныш кетпей, баќ күліп.

Көңілде көктем, махаббат гүлі, нұр гүлі,
Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры.
Өрісі кеңіп, бабадан ќалған әулеттің
Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры.

Адами ғұмыр болары айќын бір нүкте,
Жаќсылыќ келер, ынтымаќ бар да, бірлікте.
Бас ќосќан жастар сендерге үлкен тілегім –
Біріңе-бірің сүйеніш болың тірлікте.

Жас жұбайлар, кездессе не күндер,
Мұқалмаңдар мұратыңа жетіңдер.
Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен,
Өмір бойы ғашық болып өтіңдер.

Сүйген жүрек сөнбесін, жалындасын!
Сүйген жүрек өзгені сағынбасын!
Жас жұбайлар қосағымен қоса ағарып,
Бақыттары алдарынан жарылқасын.

Жас жұбайларды тойларымен құттықтау, тілектер

Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін.

Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Жас отау иесі ……… осы сәттен бастап, өзі сүйіп қосылған ………. жұбайының болашағына тікелей жауап беретін болады. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл.

Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!

Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.

«Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын» немесе «Келін келді дегенше, керегені алтын қылып ұстар адам келді» деп жатады, сол келініміздің ақ жүзінен тек күміс күлкіні көруге жазсын.
Ырыс-дәулет шаңырағыңыздан кетпесін, несібелеріңіз әрдайым мол болсын.

Жастарға айтарым, сүрінгенде асқар таудай сүйеніш болып, құлағанда қолдап, демеп жүрер әке-шеше әрдайым тіректерің. паналарың болатынын есте сақтаңдар.

Exit mobile version